Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің төрт өңірдегі жетекшілері тағайындалды

276

Нәлібаев Мақсұт Ибырайханұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ол 1961 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын тәмамдаған. Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жетекшілік еткен. Бұған дейін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Үсенов Данияр Бекбергенұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ол 14 жылдан астам уақыт прокуратура органдарында еңбек еткен. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысы болған.

Сағиев Елдос Әлиханұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін осы қызмет басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз