Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Sulpak — қазақ тіліне түкірген адамның дүкені ме?

166

Бұл туралы әлеуметтік желіні қолданушы Дариға Мұштанова Facebook-тегі жеке парақшасында жазады. Сонымен қатар ол өз сөзінің дәлелі ретінде суреттер де жариялаған.

„Орал. “Сулпак” дүкеніне барып едім. Қызыл жейделі қазақ қыз-жігіттері өріп жүр. Шамасы арнайы киімдері сол сияқты. Арқаларында “Техника жайлы мені сұра” деген жазу айқайлап тұр.

Бір-екеуін тоқтатып: “Қате сөз арқалап жүргендеріңді білесіңдер ме” деп сұрасам, “Иә, білеміз„ деп қарап тұр.

Олар бұл футболкалар арнайы Алматыдан əкелінген, сондықтан оны киіп жүруге міндеттіміз” дейді.

Ау, “Сулпактың” Алматыдағы бастығы, кім болсаң да, қателеріңді кері қайтарып алшы, сауда жасауға барған қазақтардың жынына тимей…„

деп жазады Дариға Мұштанова.

Демек, фирмалық жейделерінде қате барынан дүкен басшылығы хабардар. Бірақ, оны қайтадан түзетіп шығаруға олар ақшаларын қимайтын секілді. Немесе бұл жарнаманың бір түрі ме? Жарнамаға тапсырыс берсе, қыруар ақша кетер еді, ал мындай қара пиар – су тегін ғой…

Қалай дегенмен де жергілікті әкімдіктің тіл басқармасы бұл мәселені назардан тыс қалдырмауы керек деп санаймыз. Әкімшілік жауапкершілікке тартып, бұл оңбағандықты жүгендесін. Әйтпесе керегі қара пиар болса, онда біз де осы мәселені қаузап, артынан қалмай, үдете береміз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз