Су тасқыны мен лай көшкінінен 66 адам қаза тапты

27 просмотров
Қытайдың орталық, оңтүстік және шығыс бөліктерін топан су басты. Толассыз жауған жауын кесірінен мұнда су тасып, лай көшті. Салдарынан 66 адам қаза тауып, он адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды CCTV.

2016051117421660060

 Фуцзянь провинциясында су электр стансасын жар басып қалған. Салдарынан өңір жарықсыз қалған. Бастысы құтқарушы қызметтегілер топырақ астында қалған су электр стансасын аршуға қатты қауіптеніп отыр. Өйткені мұндай жағдайда стансаның улы қондырғылары жарылып, оның арты үлкен апатқа ұласып кетпей ме деген қауіп бар.

Қазір Қытайдың Фуцзянь, Хубэй, Хунань, Цзянси провинциялары, Гуанси-Чжуан автономды аймағы мен Чунцин муниципалды округінің тұрғындары жарықсыз отыр.

Загрузка...