Ұстаз бен директор соттасып жатыр. Кімдікі дұрыс?

696 просмотров

Қарасай аудандық сотында Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаеваның мектеп директоры Бекжан Нүсіпбековаға қарсы шағымы бойынша сот өтіп жатыр. Ұстаз директор тарапынан берілген сөгістермен келіспейді.

Сағидуллаева азаматтық белсенділігі үшін қысымға ұшырағанына, оның әрекеті ақсақалдардың заңсыз жиналысында қаралғанына шағымданды. Сотқа жүгінген мұғалім ақсақалдардың ұсыныстары негізінде мектеп директорынан алған сөгістерімен келіспейді.

Сотта ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Қожанов мұғалімнің сенбіліктерге, концерт билеттерін сатуға ақша жинауға қарсы шыққанын мәлімдеді. «Сенбіліктер тазалық үшін керек. Біз оны қанша рет өткізетінін мектеп өзі шешетінін айттық. Сосын Айман жиналыстан бірнеше мәрте шығып кетіп, біреуге шағымданып телефон соғумен болды. Біз оның бұл әрекетін әдепсіздік деп түсіндік», — деді ол.

Шағымданушы Айман Сағидуллаеваның мәлімдеуінше, мұғалімдер ақсақалдар кеңесінің отырыстарына қатысуға міндетті емес, сол себепті мұндай жиналыстардағы ескертулер заңсыз болып есептеледі. Бұған қоса, ол мектеп директоры бес күннің ішінде оған қатысты он айыптау акт толтырғанын айтты.

Айман Сағидуллаеваның сенімді өкілі Маржан Аспандиярованың айтуынша, мұғалімді жерді шетелге сатпау және жалға бермеу талаптарын қолдағаны үшін қудалай бастаған.

48E7D65C-0791-4AC7-8CA5-928A0CFBB16A_w987_r1_s

Загрузка...