Стамбул полициясына тікұшақтарды атып түсіруге бұйрық берілді

30 просмотров

Стамбул полициясының басшысы Мұстафа Калискан қарамағындағыларға қала үстінде рұқсатсыз ұшқан кез-келген тікұшақтарды атып түсіруге бұйрық берді.

Сонымен бірге Стамбулға өзге аймақтардан қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, 1800 әскер кіргізілді. Бұл жөнінде түріктің Anadolu агенттігі хабарлайды.

Сенбіге қараған түні Түркия армиясының бірнеше бөлімшелері әскери төңкеріс жасамақ болды, нәтижесінде 290 адам қаза тапты. Төңкеріске қатысы бар деген күдікпен 6 мың адам, оның ішінде әскерилер мен судьялар да ұсталды.

Ұсталғандардың ішінде ВВС қолбасшысы болған Акин Озтюрк, Инджирликтегі НАТО базасын басқарушы Бекир Эркан Ван және Эрдоғанның бас әскери кеңесшісі Али Язиджилер бар. Олар бүлікті ұйымдастырушылар деп күдікке алынды.

Түрік билігі төңкеріс әрекетін жасауға ислам дінін уағыздаушы, АҚШ-қа көшіп кеткен Фетхуллах Гюленнің қатысы бар дейді. Гюленнің өзі мұны жоққа шығарады.

Загрузка...