Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Спорттан хабары жоқ адам бізде неге министр болып жүр?

13782279_1784474531784010_341250055366682452_n

Советқазы Нұрсила

«Жанашырдың жанайқайы, деп қабылдаңыздар, құрметті Достар», деп басталатын пост мәтіні мынадай:

«Әрине, Қазақстан спортшылары биіктен көрініп жатса, қуанбайтын пенде болмас.

Бірақ…

Осы спорт саласында шетелден ҚАЗАҚТЫҢ намысы үшін емес, ақша үшін жарысқа қатысып жатқан спортшылар да жоқ емес. «Астана» велоспорт командасына миллиондаған доллар қаражат жұмсап “жалдамалы легионерлер” жалдап алдық, «Астана» баскетбол клубында да солай…

Манеза, Чиншалло, Подобедова сияқты келімсек спортышлар да көп-ақ. Олардың өзі допинг дауына ілігіп, ұятқа қалып жатыр.

Ал, құраманың бас бапкері Ни деген допингке қатысы бар деген дақпырт БАҚ-тарда жүр.

Талай спортшылардың обалына қалған осыдан басқа Қазақстанда жаттықтырушы жоқ па?

(Қазақстан мен Өзбекстандағы Кәрістер экономикалық және басқа қылмыстарға өте жақын екені жайлы айтылып та жүр)

Олар – қазақ балаларының бағын байлап жүр!

Ал, спорт министрлігін спорттан хабары жоқ адам басқарған соң, не айтуға болады?!

Қазақ деген — өте дарынды халық.

Ауылда болашақ Олимпиада чемпиондары өріп жүр.

Тек оларға қажет спортзал мен құрал-жабдықтар (инвентарь) қажет.

Шетелден келген спортшылар талай Қазақ спортшыларының бағын байлап жүргені ащы болса да шындық!

Олай болғанда, құр дарақылықпен алған атақ бізге қанша азық болады деген заңды сұрақ туындайды.

P.S. Қазақтың намысын қазақ қана жыртады, – деген ізгі ойдан туындаған еді…

Ақшаға сатып алған атақтың ұзақ болмасы белгілі. Ол уақытша ғана…

Ұлт намысын қорғайтын бауырларым аман болсын!!!», – деп аяқтайды автор өз жазбасын.

IMG_2334 (1)(2)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз