Спортшылар Риодағы Олимпиада ауылындағы жайсыздықтар туралы шағымданып жатыр

53 просмотров

Рио-де-Жанейроға ат басын тіреген спортшылар Олимпиада ауылындағы жайсыздықтар туралы шағымданып үлгерді.

Мәселен, Беларусь елінің құрамасы ыстық судың жоқтығы, дәретхана суының ақпайтындығына шағымданған.

„Риоға жеткен беларусь спортшылары делегациясының өкілдері ыстық су мүлде жоқ екенін, ал суық судың өзі тоқтап-тоқтап, аракідік берілетінін, дәретхана суының ақпайтындығын, бөлме едендері, терезе мен баспалдақтардың жуылмай жатқанын айтты„ делінеді Беларусь Республикасы ұлттық комитетінің ресми сайтында.

Ал Аргентина құрамасы Олимпиада ауылын тастап кетіпті.

„Олимпиаданы ұйымдастырушылар барлық мәселені жақын маңда шешеміз десе де біз тәуекелге бас тікпейік деп шештік. Өйткені біз тоқтаған ғимараттың жағдайы өте нашар. Бес қабатты ғимараттың екеуі ғана қолданылысқа берілген„ — дейді аргентиналық делегация құрамасының басшысы Херардо Вертхейн Wall Street Journal журналына берген сұхбатында.

Ол да беларусь құрамасы тізбелеген олқылықты атап өткен. Алайда оларды жарқ-жұрқ етіп от шығарған тоқтағы ақау зәрелерін алыпты. Голландық спортшылар да тоқтан тұтанған алаудың куәгері болыпты.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар осы аптаның соңына дейін спортшылар куә болған олқылықтарды қалпына келтіруге уәде беріп отыр.

Бүгін таңертең бокстан Қазақстан құрамасы Рио-де Жанайроға аттанып кеткенін баса айта кетелік.

Загрузка...