Сотта жеңілген Құралай Нұрқаділованың жылжымайтын мүлкі сатылымға қойылып жатыр

231 просмотров

«Қазкоммерцбанк» АҚ-қа қарызданған танымал қазақстандық сәнгер Құралай Нұрқаділованың мүлкі сатылымға қойылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бірыңғай электронды сауда алаңы сайтында Алматыдағы «Дубок» шағынауданында орналасқан 0,1366 гектар жер телімі бар жалпы көлемі 283,8 шаршы метр үйдің сатуға шығарылғаны хабарланды. Жылжымайтын мүлік шамамен 109 миллион теңгеге бағаланған.

Саудаласу 2016 жылдың 7 қыркүйегінде басталады.

Айта кетейік, бірнеше жылдан бері „Қазкоммерцбанк„ пен Құралай Нұрқаділованың арасындағы дау-дамай басылар емес.

Дизайнердің айтуынша, банк оған 2006 жылы алған 44 мың доллар несиені заңсыз іліп отыр.

Загрузка...