Сот «Русские» қозғалысының жетекшілеріне үкім шығарылатын күнді белгілейді

70 просмотров

Мәскеудің мещандық соты бүгін «Русские» ұлттық қозғалысының бұрынғы жетекшісі Александр Поткинге (Белов) үкім шығарылатын күнді белгілейді, деп хабарлады «Интерфакс» ақпарат агенттігі.

Поткин 2014 жылы қазанда қазақстандық БТА Банктен бес миллиард доллар ұрланғаны туралы іс аясында ұсталған еді. Оны қылмыстық жолмен түскен ақшаны заңдастырды деп айыптады.

Бұған қоса Поткинге экстремистік қауымдастық құрды, диверсия жасады және ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдіктер тағылды.

Дүйсенбі күні прокурорлар Поткинді тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Поткиннің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарды, ол қылмыстық істі саяси қудалау деп есептейді.

Загрузка...