Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Қарттар күні сенбілікке шығып, айлығының бір күндік ақысын, яғни жалпы алғанда 7 миллион теңгені облыстық ішкі істер департаменті ардагерлері кеңесінің қорына аударды.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті ардагерлері кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев басты көңіл аударылатындар – соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыстан қайтапағандардың жары, сонымен қатар төсекке танылған науқас зейнеткерлер екенін айтады. Барлығы шамамен 250 адам. Оның әрқайсысына бір-бір қамқоршы адам бекітіліп қойыпты. Олар алдағы бір ай бойына осы қарт адамдарға жан-жақты қамқорлық танытатын болады.
„Олар шаруашылығыма келіп көмектеседі. Тек мейрам күні ғана емес. Ағаш жарып береді, жақында пешімді жөндеп берді„ – дейді зейнеткер. Сондай-ақ Мария Сергеевна облыстық ішкі істер департаменті бастығына өзіне материальдық көмек көрсеткені үшін алғысын жеткізді.