Солтүстік Корея ұшырған зымыран Жапонияға барып құлады

54 просмотров

Солтүстік Кореяның тамыздың 2-інен 3-іне қараған түні ұшырған баллистикалық ракетасы мыңдаған шақырым ұшып өтіп, Жапония аумағына барып құлады. Жапония Пхеньяннің бұл әрекетін елге төндірген қауіп деп бағалап, бүгін шұғыл ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды.

Жапония үкіметінің басшысы Синдзо Абэ: „Бұл —  ел қауіпсіздігіне төндірілген кешірілмейтін қауіп„ деп мәлімдеді.

Алайда, әзірге кореялықтар бұл жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, Vesti.ru.

Ракета Жапонияның экономикалық аймағы саналатын Ога түбегіне жақын маңдағы Акита префектурасына құлаған.

Токио КХДР-ға наразылық нотасын жолдады. Жапония қорғаныс министрі тасталған ракета «Нодон» түріне жататынын мәлімдеді.

Айта кету керек, ракетадан Жапония жағы ешқандай зардап шекпеген, қаза болғандар мен жараланғандар жоқ.

Загрузка...