Солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер тағы екі лицензия ұтып алды

21 просмотров

24-26 мамыр аралығында Алматыда ересектер арасында жеңіл атлетика бойынша ҚР кубогі мен чемпионаты өтіп жатыр. Додада солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия ұтып алды.

Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, inform.kz хабарлайды.

«Мұндай жетістікке Екатерина Эктова (секіру) және Маргарита Мукашева (800 м жүгіру) қол жеткізді» делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Алматыда Екатерина Эктова 14,16 метр (Олимпиада лицензиясын ұтып алуға жол беретін ең төменгі көрсеткіш 14,10 м) нәтижесін көрсетсе, ал Маргарита Мукашева 800 метрді 2 минут 00,87 секунд ішінде жүгіріп өтті.

Бұл — Рио ойындарына лицензия алу үшін жеткілікті көрсеткіш.

Осыған дейін үш қарғып секіруден Ирина Эктова Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алғанын айта кетелік.

Загрузка...