Солтүстік Қазақстанда жаңа элекватор іске қосылды

58 просмотров

Бұл орақ науқанының қызған шағында диқандар үшін үлкен қуаныш болды. Астық қабылдау орталығы – Қазақстан мен Голландия елдерінің бірлескен жобасы.

Заманауи кешен 40 мың тонна астық қабылдай алады деп хабарлады 24.kz.

Надежда Золотых астықты қабылдап, сары алтынның сапасын анықтайды. Зертхана меңгерушісі қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Озық қондырғылар әр дәнді жазбай сипаттап береді.

Надежда Золотых, зертхана меңгерушісі:

— Құралға 250 грамм бидай салдық. Оның қорытындысы 3 минутта дайын болады. Мәселен, мына өнімнің ылғалдылығы – 12,9, ақуызы – 12,1, ал желімтігі – 21,6. Бұл 4-сұрыпқа жатады. Элеватор – инвестициялық жоба. Оның құрылысына 2 млрд теңге жұмсалған. Кешен ауысымына 5 мың тонна астық кептіре алады. Дәнді дақылдар түрік технологиясы бойынша құрғатылады. Бар жұмысты бір-ақ адам басқарады.

Андрей Степура, элеватордың басқарушысы:

— Элеватор пульт арқылы басқарылады. Барлық бұйрықты беретін – бір-ақ адам. Қабылдау, тазарту, кептіру жұмыстары автоматты түрде жүзеге асады. Элеватор тура теміржолдың бойында орналасқан. Сондықтан шаруалар астықтарын сақтап, кептіріп қана қоймай, оны Орта Азия елдеріне жөнелте алады. Элеватор диқандар қауымының қуанышына айналды. Қазір мұнда күніне 40-50 жүк көлігі келіп, астық тапсырады.

Загрузка...