Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Солтүстік Қазақстанда зейнет жасындағы қарияға іздеу жарияланды

СҚО Қызылжар ауданы Налобино ауылының тұрғыны 8-тамызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Зейнеткер ұмытшақ адам, сондықтан ол өзінің мекен-жайын, аты-жөнін ұмытып адасып жүруі мүмкін.

Денисов Григорий Тимофеевич 1929 жылы туылған. Қысқа жеңді шақпақ ақ жейде, қара түсті трико, қошқыл ақ түсті жаздық бәтеңке киген. Бойы – шамамен 165 см.

Қазір облыстағы барлық полиция бөлімшелеріне зейнеткерге қатысты толыққанды мәлімет пен нұсқаулық жөнелтілді. Зейнеткер туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефонға хабарласу сұралады: 8(7152)34-01-82, 8(71538)2-17-02, 8-«7152)-39-41-79 немесе 102.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысынан 80 адам із-түссіз жоғалған. Полициядағылар зейнет жасындағы адамдардың жоғалуы да көп кездесетінін айтады.

Мысалы, 14-тамызда Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының бірінші бөлімшесіне 85 жастағы қарияның жоғалып кеткендігі туралы арыз келіп түседі. Бірден қала ішінде іздеу жүргізіліп, таңертең кейуана табылған. Белгілі болғандай, ауладан шыққан кейуана үйіне қайтар жолды таппай қалған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз