Ол еңбек заңнамасын бұзбаған деген қорытынды шешімі бар қағаз жасап бергені үшін 250 мың теңге алған.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстандағы департаменті облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігі мен қорғанысын бақылау бөлімінің жетекшісі Б.Жанбутиннің жемқорлық бойынша заңды бұзғанын әшкереледі.
„Жанбутин еңбек заңнамасын сақтауға қатысты жүргізілген тексеруден соң бір кәсіпорынға оң шешімдегі құжат толтыру және одан кейін де осы фирмаға қолдау көрсету үшін жеке тұлғадан 250 мың теңге көлемінде пара алды„ делінеді алдын ала таратылған хабарламада.