Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай қызметі оқу-жаттығу өткізді

Іс-шара барысында тактикалық қадам бойынша таяу елді мекенге қауіп төндірген орман өртін сөндіру, халықты қауіпсіз орынға эвакуациялау және оларды уақытша баспанамен, тамақпен және тағы басқаларымен қамтамасыз ету, электр беру және байланыс желілерін қалпына келтіру, зымырантасығыш баспалдақтарының бөліктерінің құлауына байланысты төтенше жағдайды жою, зымыран құлаған жерді зарарсыздандыру, ірі қара аурулары (сібір жарасы) анықталуына байланысты ветеринарлық іс-шаралар өткізу сынды міндеттер орындалды.

Тапсырмалар орындалғаннан соң, шатырдан тігілген қалашықтағы штабта облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері өкілдері, аудан басшылығының қатысуымен оқу-жаттығу барысында анықталған келелі мәселелер талқыланып, оларды таяу уақытта шешу бойынша отырыс өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз