«Сібір жарасынан» қаза тапқандардың отбасына 400 мың теңге материалдық көмек берілмек

59 просмотров

Қарағанды облысының билігі Шет ауданы Еркіндік ауылының қаза болған тұрғындарының отбасына 400 мың теңгеден материалдық көмек береді. 

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақпарат.

«2016 жылғы 20-24 маусымда облыстық инфекциялық ауруханаға түйнеме жұқтырды деген күдікпен 9 адам жатқызылған. Өкінішке орай, қарқынды емге қарамастан, екі адам қаза тапты. 23 маусымда олар жерленді. Әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды. Қаза тапқандардың отбасына 400 мың теңгеден материалдық көмек берілді. Қаза тапқан әйелдің жұмыссыз күйеуі мектепке күзетші болып жұмысқа алынды», — деді ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтің қатысуымен өңірде  эпизоотикалық жағдай бойынша өткен жиында Н. Әбдібеков.

Өңір басшысының айтуынша, зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасады.

Өңір басшысы Еркіндік ауылында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілгенін айтты.

«Мамандар 5400 шаршы метр жерді, оның ішінде 15 үй, шаруашылық құрылыстарына екі мәрте зарасыздандыру жұмыстарын жүргізді. 300 келіден астам төсек-орын камералық зарарсыздандырылды»

— деді облыс әкімі.

Обылыс әкімі карантин 8 шілдеге дейін созылатынын айтты.
Н. Әбдібеков сондай-ақ ветеринарлық қызмет жұмыстарында кемшіліктер барын мойындады.

«Мамандар тапшылығы бар. 775ветеринардың орнына облыс бойынша небары 599-ы ғана жұмыс істеуде. 107 мал қорымы бар. Ағымдағы жылы оны ұстауға облыстың қалалары мен аудандарында 25,5 млн теңге бөлінді»

— деп атап өтті әкім.

Сонымен қатар, АШМ мәліметіне сәйкес өңірде қоршалмаған 10 мал қорымы бар. Ол адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. «Қазақстанда 2 мыңнан астам мал қорымы болса, оның 739-ы қоршалмаған. Қарағанды облысы бойынша — 10, оның ішінде Успенское ауылдық округі (Еркіндік ауылы осында кіреді) жағында екі қорым қоршалмаған», — деді АШМ вице-министрі Г, Исаева. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар  мал қорымдарын ұстауға қаражат бөледі.

 

Загрузка...