“Славян базары-2016” байқауында қазақстандық әнші екінші орын алды

30 просмотров

Әнші Adam халықаралық “Славян базары-2016” байқауында еліміздің намысын қорғап, екінші орынға ие болды. Аталған ән байқауы Витебскте өткен болатын.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Adam байқаудың соңғы күнінде Sam Smith I’m Not The Only One әнін орындап 78 ұпайға ие болған. Жалпы есеппен екі күнде 155 ұпай жинаған. Осылайша, бас жүлдені еншілеген белоруссиялық Алексей Гросске 2 ұпай жетпей қалады.

Жеңімпазды ресми марапаттау рәсімі шілденің 18-і күні өтті. Екінші орынды иеленген қазақстандыққа сыйақы ретінде 15 мың доллар табысталды.

Загрузка...