Әскерилер Хаммерлерден киіз үйдің керегесін құрады

94 просмотров

Қазақстандық 38-десанттық-шабуылдау бригадасының бітімгерлік батальонының әскерилері Отан қорғаушылар күні қарсаңында ерекше флешмоб жасады.

Әскери көліктердің алты колоннасы киіз үйдің негізгі бөлігі — керегенің символын жасады. Ондағы мақсат: «Қабырғасы берік үй — мықты үй болатыны сияқты, қуатты әскер — өз халқының қорғаны бола алады» дегенді білдіру, дейді әскерилер.

 

Загрузка...