Өскеменде жоғалған студент анасына хат жазып кетіпті

66 просмотров
Өскеменде жоғалған Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық унвиерситетінің “телекоммуникация және байланыс” факультетінің студенті 21 жасар Еркебұлан Қамбаров анасынан кешірім сұрап, жақсы тәрбие бергенін жазып хат қалдырып кетіпті. Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

c3ead047e1c1e2c25053e700ce331a39_XL_0

“Ол хат жазып кетіпті. Онда жақсы тәрбие бергеніме алғыс білдіріп, кешірім сұрапты. Сөйтіп үйден кеткеніне қатты өкініш білдіретінін жазыпты. Бірақ, өзіме ақша табу үшін осындай шешім қабылдауым керек болды делінген хатта”, – дейді анасы Әлия Әбдірахманова.

Еркебұлан Қамбаров 18 сәуір күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасы хатты 22 сәуір күні үйден тапқан. Демек, ол сол күні үйге ұрланып кіруі мүмкін. Десе де, «ұлы үйге оралар» деп күткен анасы ақыры 4 мамыр күні полицияға хабарласқан.

“Осындай жағдай наурыз айында да болған. Сол кезде де бірнеше күн жоғалып кетіп, кейін үйге қайта оралған. Менің ойымша, ол біреуден қорқады. Бұл ақшаға байланысты”, – дейді анасы.

Қазір Еркебұланды іздеумен полицейлер, достары және еріктілер айналысып жатыр. Анасы Еркебұланның құрбы қызымен де үнемі байланысқа шығып отыр. Әлия Әбдірахманова Еркебұлан Қамбаровты көрген- білген адамдар болса хабарласуларын өтініп сұрайды.

Жігіттің қайда жүргенін білетіндерден 8 (778) 468-79-73 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Загрузка...