Шойгу: Сирия дағдарысы Орта Азияда қайталануы мүмкін

114 просмотров

Орта Азия және Қапқаз аймағында жаңа әскери қақтығыстардың пайда болуы әбден мүмкін.

Бұл туралы Ресей армиясының генералы Сергей Шойгу мәлім етті.

«Жаһандық жағдайды сараптар болсақ, алдағы уақытта жаңа әскери қақтығыстардың туындауы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз», – дейді Шойгу.

Оның айтуынша, дәл Сириядағы жағдай әлемнің кез-келген елінде, оның ішінде, Орта Азия мен Қапқаз аймағында бұрқ ете қалуы ғажап емес екен.

«Мұндай жағдайда Ресей қатердің алдын-алу үшін қамдануы керек дейді», – дейді ресейлік әскери ведомствоның төрағасы.

Айта кетелік, 2011 жылдан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан Сириядағы қарулы қақтығыс 220 мың адамның өмірін жалмаған.

Загрузка...