Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сирия Қырымды Ресейдің “ажырамас бөлігі” ретінде таныды

Қырым 2014 жылы Украинадағы үкімет дағдарысы кезінде Ресей құрамына енді. Сол кезде анықтама белгілерін тақпаған қарулы топ қырымдық билік органдарын басып алды, кейін Ресей президенті Владимир Путин қарулы топтың ресейлік әскер екенін мойындады. Халықаралық қауымдастық Ресейдің бұл әрекетін агрессия, басып алушылық және Украина аумағын аннексиялау деп бағалады.

Қазіргі таңда Қырымның Ресейге қосылуын Сириядан бөлек, Ауғанстан, Венесуэла, Куба, Никарагуа және Солтүстік Корея мойындап отыр.

Ресей қарулы күштері Сириядағы әскери операциясын 2015 жылдың күзінде бастап, содан бері президент Башар Асад жүйесіне қолдау көрсетіп келеді.

f4a2e6af-454f-4c4e-b3b3-f4da9eccefbc_cx0_cy0_cw67_w987_r1_s_r1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз