Singapore Airlines әуе компаниясының ұшағының шұғыл қонуы кезінде оң қанаты отқа оранды.
Channel News Asia телеарнасынан хабарлағандай, оқиға салдарынан сингапурлық «Чанги» әуежайында зардап шеккендер болмады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ал Boeing 777 Сингапур – Милан бағытында ұшқан. Шамамен екі сағаттан кейін қозғалтқыштардың бірінде болған ақау салдарынан командир әуежайға қайта оралуға шешім қабылдады. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, мұнда жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін. Қону кезінде ұшақтың оң жағында өрт шықты. Өрт сақшылары оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жетті.