Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Сібір жарасы…Қытайға 50 мың тонна ет жеткізуге жасалған келісім бұзылуы мүмкін

Ет бизнесіндегілер Ауыл шаруашылығы министрлігінен мәселені шұғыл реттеуге өтініш жасап отыр.

Ресми ақпарға қарағанда, Ресейдің Қазақстаннан кіргізілетін етке мораторий жариялауына Ақтөбе, Атырау және Қарағандыдан пастереллез ауруынының шығуы себеп болыпты. Сондай-ақ, сібір жарасының да біршама қосқан кері әсері бар. Әйтпесе, бұған дейін көрші елге жылына 10 мың тонна ет экспортталып келіпті.

Егер жағдай бұдан да ушықса, тағы бірнеше мемлекет қазақ өнімінен бас тартуы мүмкін. Мәселен, былтыр Қытаймен 300 млн долларға 50 мың тонна ет жеткізуге жасалған келісім бұзылмақ.

Мақсұт Бақтыбаев, Қазақстан ет қауымдастығының төрағасы:

– Ет экспорты тікелей ветеринарлық ахуалға байланысты. Егер бізде қандай да бір вирустың ұшқыны шықса, келісімшарттар бұзылады. Мәселен, соңғы жағдайлар оған куә. Егер мәселені шұғыл шешпесе, онда миллиардтаған инвестиция күйіп кетпек. Соңғы 3 айдың өзінде 3 млрд болды. Үкімет оған назар аударуы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз