“Сібір жарасының” тіркелуіне байланысты Қырғызстан Қазақстанмен арадағы шекаралық бақылауды күшейтті.
Бұл туралы Қырғызстанның Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекциясының төрағасы Қалысбек Жұмақанов мәлім етті.
Айта кетсек, маусымның 19-ы мен 22-і аралығында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылында “сібір жарасын” жұқтырды деген 9 адам ауруханаға түскен, кейін бұлардың екеуі көз жұмған болатын.
“Сібір жарасын” тұрғындар ауру малдан жұқтырған. Мал дұрыс сойылмаған. Кейіннен”сібір жарасын” жұқтырған екі оқиға Шығыс Қазақстан облысында да тіркелді.
– Аталған ауруды өз территориямызға кіргізбеу мақсатында Қазақстанмен арадағы шекарада ветеринарлық бақылауды күшейттік. Бүгіннен бастап Қазақстаннан Қырғызстанға келетін мал шаруашылық өнімдерін жіті тексеруден өткізетін боламыз. Барлық өткізу пунктері тексерілу үстінде” – деді Жұмақанов.
“Қырғызстанның өз ішінде “сібір жарасын” жұқтырған жайттар тіркелген жоқ. Жағдайды әрі қарай да бақылада ұстайтын боламыз” дейді Жұмақанов.