Шымкенттік оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынбақ

40 просмотров

Шымкент қаласындағы мектептерде оқу жылында оқушылардың смартфон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл жөнінде қалалық әкімдікте өткен үлкен жиында айтылды.

Қала әкімдігінің кезекті мәжілісінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу күн тәртібіне қойылды деп хабарлайды otyrar.kz.

Онда қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева оқушылары арасындағы қылмыстың туындауына бір жағынан интернетпен байланысқа шығатын смартфондар себеп болып отырғанын да айтып, ата-аналар комитеті арқылы бұл мәселеге тосқауыл қою жағын көтерді.

— Ата-аналар мен білім мекемелері арасындағы пікірлесуді дамыту үшін білім бөлімі жанынан 8-771-828-58-85 нөмірі арқылы «WhatsАpp» қызметі іске қосылды. Оған келіп түскен ақпараттар негізінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатырмыз,- деді Жанат Арысбекқызы.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, өскелең ұрпақ үшін отбасындағы тәрбиеден тыс өзін қоршаған ортадағы тәрбиенің де маңызы зор екені ескеріле келе биылғы 25 тамыздан бастап қала аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарға, көше бойларына бейнероликтер мен баннерлерді орналастыру үшін ішкі саясат бөліміне ұсыныс енгізілген.

Загрузка...