Шымкенттік «блатной» жүргізуші джиппен Шымбұлаққа шығып кетті

50 просмотров

Шымкенттік жүргізушінің жолсызбен жүре беретін автокөлігімен Шымбұлаққа көтерілгені алматылықтардың ызасын тудырды. Бұл фотосуретті өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына белгілі бизнесмен Бейбіт Әлібеков жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда жарқын кросс өтіп жатыр. Ал Шымкенттен келген қонақтар өздерінің Ланд Крузер көліктерімен қатысуда. Тағы да Шымбұлаққа өтіп кетулеріне әйелдер мен балалардың неге кедергі жасап жатқандарына түсінбей таң қалады. Полицияның бұл автокөлікті қалай өткізіп жібергені жайында Алматы әкімдігі мен Шымбұлақ басшылығы түсініктеме беруі тиіс», — дейді Бейбіт Әлібеков.

Естеріңізге сала кетелік, Алматыда 2016 жылдың ақпан айынан бастап, «Медеу» биік таулы спорт кешені мен «Шымбұлақ» шипажайына барар жолда жол-патрульдік мобильдік бекет орнатылды. Енді Шымбұлаққа жаяу, аспалы жолмен немесе арнайы таксимен жетуге болады. Тек коммуналдық қызметтердің арнайы автокөліктеріне ғана жүруге рұқсат етілген.

джип

Загрузка...