Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов “шайтан арбаға” отырып, қаланы аралады.
Бұл туралы қала әкімінің бұрынғы кеңесшісі Данат Жумин өзінің Фейсбуктағы жеке парақшасында жазады.
Оның айтуынша, суретте қала әкімі велосипедке мініп, қаладағы “Shymkent City Bike” деп аталатын басты көшемен жүйткіп келеді. Ол осылайша жалпы қаланың велосипед жобасына қаншалықты дайын екендігін тексеріп жүрген сыңайлы.
“Бұл мен үшін кішкентай жеңіс. Қала басшысының бұрынғы кеңесшісі болған кезімде мен қаланың велосипедке арналған инфрақұрылымының дамуына белсенді түрде еңбек еттім. Бірде әріптестерім шымкенттіктер ешқашан велосипедке мініп жүрмейді деп менімен бәстесіп қалды. Ал мен болсам “көр де тұрыңдар, әкімнің өзі алғашқылардың бірі болып велосипедке отырады деген едім. Сол кезде бәрі күлген. Енді, міне мына суретті жолдап, жолдастарым мені құттықтап жатыр”, – дейді Жумин.