Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкенттегі сыра зауытының 1 100 жұмысшысы жұмыссыз қалуы мүмкін

Заңгер Санжар Маматкаримовтың айтуынша, арызданушы – шетел азаматы Агаджан Аванесов.

Сонымен қатар, Тоқтар Төлешовтың “Шымкентсыра” зауыты бюджетке 600 миллион теңге көлемінде салық өтеуі тиіс болып шықты.

“Орындау қағазы деген болады. Соған сәйкес адамдар қарызды өтеуге кезекке тұрады. Қазіргі уақытта “Шымкентсыра” ЖШС мемлекет алдындағы қарыздарын салықпен өтеп жатыр. Зауыттың 1 миллиард теңгеден аса қарызы болды. Бүгінде оның бір бөлігі төленіп болды, енді шамамен тағы 600 миллион теңге қарызы бар. Сондай-ақ, Төлешов Агаджан Аванесовпен қатар, басқа да несие берушілерден қарызға ақша алған”, – деді заңгер.

Ал Аванесовтың тарапы осыған қатысты қандай да бір пікір айтудан бас тартты. 27-шілдеде Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында өткен бірінші инстанциядағы сотта сыра зауытының өкілдері отырыста жеңіліп қалған болатын. Алайда зауыттың өкілдері соттың шешіміне кассациялық шағым түсірген еді.

Айта кетейік, Төлешовтың зауыты лицензиядан айырылатын болса, олар банкротқа ұшырап, зауыттағы 1 100 қызметкер жұмыссыз қалады.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды. Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік  тіркеліп отыр. Тергеу Төлешовтың бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасағанын анықтаған.

“Оның қылмыстық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 266, 268, 296 және 367 баптары бойынша, сонымен қатар, 1997 жылғы редакциядағы 96, 107 және 187-баптары бойынша қарастырылып отыр”, – деп хабарлаған еді ҚР ҰҚК баспасөз мәслихаты барысында ведомство өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз