Шымкенттегі педофил арам ойын жүзеге асырып үлгермепті

150 просмотров

Шымкентте әткеншек теуіп отырған жерінен алып кеткен 4 жасар қызға мас адам тиісіп үлгермепті. Мұны масқара оқиғаның куәгерлері айтып берген. Сол секілді алдын ала жүргізілген медициналық сот сараптамасы да қыз баланың дене мүшесіне зақым келмегені туралы қорытынды шығарды.

Бұл туралы жергілікті арна — ТВК хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің ақпарат және мемлекеттік тіл басқармасы „алдын ала жүргізілген медициналық сот сараптамасы қорытындысы бойынша қыз баланың дене мүшесіне ешқандай зақым келмегенін анықтады„ деп мәлімдеді.

Сондай-ақ жергілік арна тілшілері болған оқиғаның куәгерлерін тауып, сұхбатқа тартқан.

Олардың айтуы бойынша жағдай былайша сипатталады: мас ер адам балаға „тәтті алып беремін„ деп оны тұрғын үйдің артына қарай алып кеткен. Сол кезде елдің бәрі, оның ішінде қыздың туыс ағалары оны іздей бастайды. Ал олар гараж маңында қызды шешіндіріп үлгерген педофилдің үстінен түскен. Бірақ ол арам пиғылын әлі жүзеге асырмаған. Әрине, қыздың ағалары әлгі масты тоқпақтай жөнеледі. Содан соң полиция шақырылған.

1-маусымда кешкі сағат 19.00 -20.00 арасында „Минутка„ кафесінен бір мас ер адам шығады. Ол көпқабатты тұрғын үйдің ауласына бет алады. Сол жерде әткеншек теуіп отырған кішкентай қызды көріп, оны қолынан ұстап, ертіп кетеді.

Мұны ойнап жүрген басқа балалар байқап, жүгіріп үлкендерге хабар береді. Тұрғын үйдің тұрғындары қызды тауып алады. Олар бірден полицияға хабар берген. Біраз уақыттан соң күдікті педофил қолға түскен. Оны көрген балалар таныпты. Дегенмен мас адам өзіне тағылған айыпты мойындамады. Қазір 34 жастағы ер адам тергеліп жатыр.

Болжам бойынша, күдікті педофил Ордабасы ауданынан келген жұмыссыз. Оның әйелі, бала-шағасы бар көрінеді.

Загрузка...