Шымкенттегі дөрекі жол полициясының кім екені анықталды

194 просмотров

Биыл шілде айында әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы дөрекі жол полициясының кім екені анықталды. Бірақ оны тәртіптік жазаға тарту мүмкін болмаған.„Шымкент маңында көлікті тоқтатқан жол полициясы қызметкері жүргізушіге оны не үшін тоқтатқандығын жөнді түсіндіре алмай, ақыры екеуі бір-бірін балағаттап, қош айтысты„ делінген Instagram желісіне орналастырылған видеода.

Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті видеода бой көрсеткен полицияны кім екенін анықтады. Белгілі болғандай, бұл жайт 2015 жылдың көктемінде орын алыпты.

„Бұл видеода Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің жол-патрулдік полициясы батальонының аға сержанты А.Баймұсаев болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Алайда, „Құқық қорғау органдары туралы„ Заңның 57-бабы, 10-тармағы бойынша, тәртіп бұзушылық орын алғаннан кейін оған қатысты тәртіп жаза кем дегенде бір ай ішінде кесілуі керек. Осыған байланысты, яғни аталған оқиға 2015 жылдың мамыр айында болғандықтан, аға сержантты тәртіптік жазаға тарту мүмкін емес„ делінеді Tengrinews.kz агенттігіне берген жергілікті полиция қызметінің жазбасында.

Загрузка...