Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте зообақ билетінің 21 теңгелік құны елді таңқалдырып жатыр

122

Зообақтың бас есепшісі бұл бағам заң аясында бекітілгенін айтады. Ол осыған дейін ересектерге 500 теңгеден, балаларға 200-300 теңгеден сатылып келген билет құнын он есе төмендегенін Салық Кодексіндегі соңғы өзгерістермен байланыстырады. Алайда қалалық билік әлі нақты шешім шығармаған.

Зәмзәгүл Оспанова, зообақтың бас есепшісі:

– Бұл баға Салық және салық ставкаларын белгілеу туралы ҚР Заңының 510- бабында көрсетілген. Осыған сүйеніп билет құны төмендеген. Алайда, қалалық мәслихат әлі шешім шығарып бермеді. Сондықтан бұл соңғы көрсеткіш деп айта алмаймын.

Билет құнының төмендегені зообақ әкімшілігіне кері әсерін тигізіп те үлгерген. Біріншіден, кассаға келген азамат 21 теңге 21 тиын бере алмайды. 25 теңге беруге мәжбүр. Ондайда кассир қайтарар ақша таппай қиналады. Өйткені елде тиын жоқтың қасы.

Ал екенші мәселе, зообақтың ақылы қызметіне едәуір шығын келген. Яғни, кейбір қызметкерлердің жалақысы қысқаруы мүмкін.

Сонымен қатар зообақтың бас есепшісі Зәмзәгүл Оспанова хайуанаттардың азығын билет құнынан алатынын, әзірге қаржы бар, бірақ, алдағы уақытта қиындықтарға тап болатындары айдан анық екенін айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз