Шымкентте жол-көлік апатынан 2 жасар бүлдіршін мерт болып, 7 адам зардап шекті

71 просмотров

Шымкентте 2 жасар бала мерт болып, 7 адам зардап шеккен жол-көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

1

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

28-маусымда сағат 16.00 шамасында Шымкент қаласындағы Жаңаталап ауданындағы қиылыстардың бірінде «Луидор» маркалы маршруттық такси мен «Дэу-джентра» маркалы автокөлігі соқтығысты.

Жол-көлік апаты салдарынан ауыр дене жарақатын алған «Дэу-джентра» автокөлігінде болған 2 жасар бүлдіршін оқиға орнында қаза болды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасынан 7 адам зардап шеккен.

«Дэу-джентра» автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізушінің жанында әйелі мен 5 жасар баласы болған. Ал «Луидор» шағын автобусында үш жолаушы болған. Олардың барлығы түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілді.

Қайғылы оқиғаны Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімшесі тіркеген. Оған сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша „Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы„ жөнінде қылмыстық іс қозғалды.

Апатқа кінәліні анықтау үшін сараптама тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған.

Загрузка...