Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 16 жасар Айдана Қахраманованы тапты.
Биыл 31-шілдеде Шымкент қаласы ішкі істер департаментіне қарасты Әл-Фараби атындағы полиция бөлімшесіне 41 жастағы келіншек өзінің 16 жасар қызы Айдана Қахраманованың жоғалып кеткенін хабарлаған. Ол 28-шілдеде түскі шамамен 14:00 уақытында үйден шығып кетіп, содан оралмаған.
Бүгін, 4-тамызда күндіз Шымкент қаласы ішкі істер департаментіне қарасты Әл-Фараби атындағы полиция бөлімшесінің шұғыл іздестіру жұмысына жұмылдырылған қызметкерлері қызды тапты. Ол аман-есен қаладағы құрбысының үйінде болып шықты. Тәртіп сақшылары 16 жасар қызды ата-анасының қолына табыстады.
Полициядағылар болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.