Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шымкентте заңсыз салынған үйлер сүрілмейтін болды

Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауовтың айтуынша, тұрғын үй салу үшін жер сұраушылар саны күрт өскен, бірақ әкімдікте тегін жер жоқ.

– Бізде кезекте 65 мың адам тұрған. Соңғы екі аптада оның саны 85 мыңға ұлғайды. Шаһарда ауыл шаруашылығы жері көп. Олардың иелері де бар. Бірақ, қолданылмай бос жатыр. Осы аумақтардың мақсатын өзгертіп, тұрғын үй салуға тартып алуға әкімдіктің хақы жоқ. Бірақ, жауапты министрлікке хат жолдап, мемлекет меншігіне алынған жерді өзге мақсатта қолдануға рұқсат сұрамағымыз келеді. Сонда ғана қаладағы жер кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыруға болар еді, – дейді ол.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов прокуратураға осы негізде ұсыныс хаттың жолданғанын растады.

– Біз ол жерді тартып алуға құқымыз жоқ. Оның игерілмей жатқанын айтып, министрлікке жолдасақ. Оның ауыл шаруашылық мақсатын өзгертіп, тұрғын үй салуға ұсыныс берсек деп отырмын. Сонда ғана жер алу кезегінде тұрған 85 мың адамның өтінішін орындауға болар еді деп ойлаймын. Бұл туралы прокуратураға ұсыныс-хат жолданған, – деді әкім.

Қоғамдық кеңес мүшелері кезінде беріліп, енді заңсыз деп танылған учаскелердің көбейгеніне алаңдайды. Мыңдаған қалалықтың шаңырағын бұзу оңай шаруа емес екенін шаһар басшысы да мойындайды.

– Біз шағынаудандардағы азаматтардың өтінішін ескеріп, баспаналарын бұзбайтын болдық. Есесіне, бас жоспарға өзгерістер енгізіп, жаңа шағынауданды өзге аймақтан салуға шешім шығардық. Бірақ, бос жатқан жерге құрылыс жүргізу қатаң қадағаланылатын болады, – дейді қала әкімі.

Кеңеске қатысушылар шаһар басшысының осы ұсыныстарын қолдап, жоғарыға сұраныс хат жазбақ ниетте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз