Қалалық №6 клиникалық аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі Мұхит Достыбаевтың айтуынша, 45 жастағы әйелді жедел жәрдем қызметі ауруханаға 8 тамыз күні түс уақытында жеткізген.
Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлады.
– Шымкенттің полицейлері өзін өртемек болған әйелді құтқарды. Ол бізге келіп түскенде денесінің біраз бөлігін күйік шалған, жағдайы ауыр болды. Бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Науқас 9 тамыз күні кешкі сағат 18 шамасында қайтыс болды, — деді дәрігер.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің үстіндегі өртті өшіріп, жедел жәрдем шақыртқан. Денесін күйік шалған әйел ауруханаға жатқызылған. Полицияның мәліметінше, әйел үстіне бензинге ұқсас жанғыш сұйықтық құйып өртепті.