Бұл жобаны малайзиялық инвесторлар қаржыландырмақ. Осы ретте жергілікті билікпен екіжақты келісім жасалған.
Кәсіпорын қоқыстарды өртеп одан жылу мен бірге электр энергиясын өндіреді деп хабарлады 24.kz.
Сол себепті жаңа зауыт қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған «3-ші жылу қазандығының» жанынан бой көтермек.
«Осы екі зауыт толық қуатына көшкенде қоқыс жинайтын полигон жабылатын болады», – дейді мамандар. Қазіргі уақытта қаладан күн сайын 500 тоннаға жуық қоқыс шығарылады.
Бейсенбек Жанбосынов, қала әкімінің орынбасары:
– 25 гектар жер бөлу және де инженерлік жүйені электр және жылу жүйелеріне жақын орналастыру мәселесі қойылған болатын. Осы мақсатта біз бүгінгі таңда 3 энергоорталық төңірегінен 25 гектар жерді болжамдап, қазір зерделеу-зерттеу жұмыстарын атқарып жатқанымызды айта кеткім келеді.