Шымкентте түнгі клуб алдында жас жігітті өлтірген 3 күдікті анықталды

140 просмотров

Қазір оларды ұстау үшін барлық іс-қимыл жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, Шымкентте жексенбіге қараған түні «Пандора» түнгі клубының маңында 23 жастағы жігітті белгісіз біреулер өлтіріп кеткен болатын. Бұл жайтқа қатысты облыстық ішкі істер департаменті толығырақ мағлұмат берді.

„16-қазанда таңғы сағат 4 шамасында Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Еңбекші полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне облыстық клиникалық ауруханасынан суыт хабар келіп түсті. Ауруханаға желке тұсынан оқ жарақытын алған белгісіз ер азаматтың мәйіті жеткізілгені хабарланды. Аталған жайт Еңбекші полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі Бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен: 99-баптың 1-бөлігі «Адам өлтіру» және 287-бап «Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, өткізу, сату, сақтау, тасымалдау мен алып жүру» қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, түнгі клубтардың бірінде келушілер арасында туындаған төбелес салдарынан жәбірленуші желке тұсынан оқ жарақатын алған„ делінеді облыстық ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы таратқан хабарламада.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 1991, 1993 және 1996 жылдары туылған үш күдікті азаматты анықтады. Оларды қолға түсіруде тиімді шаралар қабылдануда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Загрузка...