Олар жалған доллар шығарумен айналысқан.
Шымкенттен жалға алған пәтерді олар жалған АҚШ долларын басып шығаратын шағын фабрикаға айналдырып жіберген деп хабарлайды TVK.
Тергеу мәліметтері бойынша, Астанадан аттанған 39 жастағы Нвоке Экендеричукву мен 30 жастағы Оба Жозефат қыркүйек айының ортасында ағылшын тілінің ұстазы ретінде Шымкентке барып, пәтер жалдап тұрған. Алайда, нақтысында, бұл пәтерде олар жалған ақша жасаумен айналысқан. Ақшаны жасау жолдары тергеу мәліметтерінде келтірілген, алайда оны жариялауға болмайды.
Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 1-тармағы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.