Шымкентте үйленгеніне бір апта болған жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

210 просмотров

ОҚО-да Үсенов Талғат Әлібекұлына іздеу жарияланды. 2016 жылдың қазан айының төрті күні кешкі сағат 6-да жұмысынан үйіне қайтқан 28 жасар жігіт сол күйі отбасына оралмаған деп хабарлайды «ТВК» арнасы сілтеме жасап nur.kz.

Өзара іздеуге кіріскен ата-ана бұл әрекетінен ештеңе шықпағандықтан көпшіліктен көмек сұрап отыр. Талғат Әлібекұлының бұрын соңды мұндай әрекеті байқалмаған. Үйленгеніне бір апта ғана уақыт болған Үсеновті үйіндегілер аман-есен оралады деп үміттенеді.

 Талғат Әлібекұлы Саз мектебінде ұйымдастырушы болып жұмыс істеген. Тіпті той-томалақтарға да шығып әншілік қызметін атқарып жүрген. Алайда, жоғалған күннен кейін көп ұзамай анасына менде барлығы жақсы деген хабарлама жіберген.

«4 қазанда жұмысқа шығып кеткен. Әлі жоқ. Телефоны өшіріліп тұр. Көрген-білген адам жоқ. Баламның табылуына көпшіліктің көмектесуін сұраймын», — дейді жігіттің әкесі.

bezymyannyj

Загрузка...