Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шымкентте әйелін өлтірген күдікті құрықталды

Аталған жайт Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Құрбанова Нұрипаны іздеу жұмыстары қолға алынып, облыстық криминалды полиция басқармасының және Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Олар бірлесе отырып, жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Құрбанова Нұрипаның із-түссіз жоғалуына оның 27-жастағы күйеуінің қатысы болуы мүмкін деген жорамалды қарастырған. Сұрауға алынған күдікті өз кінәсін толық мойындап, әйелінің мәйіті жатқан жерді көрсетіп берді.

Күдікті әйелінің өлі денесін Жібек жолы ауылы маңындағы Келес өзеніне апарып, батырып жіберген болып шықты.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергеу абақтысына жабылды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар жүргізу тағайындалды.

Қазіргі таңда қылмыстың орны алу себебі мен барысы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз