Шымкентте әйел әжетханада босанып, шақалақ тесікке түсіп кеткен

27 просмотров

Шымкентте аяғы ауыр әйел мерзімінен бұрын әжетханада босанып қалды. Шұғыл жеткен құтқарушылар шақалақты нәжіс шұңқырынан алып шыққанымен, оны аман алып қала алмады.

Старый покосившийся туалет.

Бұл туралы TVK хабарлайды.

Оқиға 11 маусым күні күндіз болған. 35 жастағы жүкті әйел үйінің ауласында орналасқан әжетханаға барған. Сол кезде оның толғағы басталып, босанып қалған.

Құтқару қызметіне Гагарин көшесінен шақырту сағат 12.00 шамасында түскен. Телефон шалушылар әжетханаға бала түсіп кетті деп хабарлаған.

Оқиға орынына жеткен төрт құтқарушы әжетханадан жаңа туған шақалақты алып шыққан. Алайда, нәжіске тұншыққан баланы аман алып қалу мүмкін болмапты.

Загрузка...