Шымкентте із-түссіз жоғалған 14 жастағы қыз бала аман-есен табылды

40 просмотров

Облыс орталығында із-түссіз жоғалған 14 жасар Лилия Ахметова аман-есен табылды, — деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
21-маусым күні облыстық департаменттің криминалдық полиция басқармасыгның қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында 14 жастағы Лилия Ахметованы Шымкент қаласында танысының үйінен тірі және дені сау күйде тауыпты.

„Қыз баланың денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Тәртіп сақшылары қажетті шараларды жүргізген соң, Лилия Ахметованы ата-анасына тапсырды„, — делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары орын алған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылғы 17-маусымда Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Әл-Фараби полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын, ағымдағы жылдың 15-маусымында өзінің 2002 жылы туылған қызы, №34 мектептің 8-сынып оқушысы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданған.

Аталған арыз Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің СДТТБ тізіміне тіркеліп, іздеу ісі жүргізілді. Жасөспірімді іздеуге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Белгілі болғандай, жоғалған қыз бұдан бұрын да бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген екен.

Загрузка...