Шымкентте Толстой көшесіндегі ескі зират өртенді.
Өрт сөндірушілер 2 сағат бойына қызыл жалынмен алысты деп хабарлады Otyrar.kz.
Алдын ала келтірілген дерек бойынша, жартылай қараусыз зират территориясында қураған шөп жанған, сөйтіп ол зираттың басқа аумақтарына лып ете түскен. Өртті жергілікті тілшінің бірі байқап, өрт сөндіру қызметіне хабарлаған.
Бүгін осында жерленген марқұмдардың туған-туыстары зиратқа келіп жатыр.