Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте ер адам әткеншек теуіп отырған 4 жасар қызға азғындық жасады

Кеше кешкі сағат 19.00 -20.00 арасында „Минутка„ кафесінен бір мас ер адам шығады. Ол көпқабатты тұрғын үйдің ауласына бет алады.Сол жерде әткеншек теуіп отырған кішкентай қызды көріп, оны қолынан ұстап, ертіп кетеді.

Мұны ойнап жүрген басқа балалар байқап, жүгіріп үлкендерге хабар береді. Тұрғын үйдің тұрғындары қызды қансыраған күйі тауып алады. Олар бірден полицияға хабар берген. Біраз уақыттан соң күдікті педофил қолға түскен. Оны көрген балалар таныпты. Дегенмен мас адам өзіне тағылған айыпты мойындамады. Қазір ол тергеліп жатыр.

Болжам бойынша, педофил Ордабасы ауданынан келген жұмыссыз. Оның әйелі, бала-шағасы бар көрінеді. ТВК арнасы күдікті педофилді ұстау операциясына қатысып, оны виедоға түсіріп алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз