Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Шымкентте еңбекақы тасымалдаған азамат іздестірілуде

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, 2016 жылғы 21-шілдеде Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Абай полиция бөліміне 1983 жылы туған жергілікті тұрғын, ағымдағы жылғы 20 шілдеде 15 сағат 15 минут шамасында оның күйеуі Шымкент қаласының тұрғыны, 1983 жылы туған Кривошапкин Александр Александрович жұмысқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданған.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің Сотқа дейінгі тергеуді тіркеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, жоғалған азаматқа іздеу ісі жарияланды.

– Жедел жұмыстар жүргізу және сұрастыру барысында Александр Кривошапкин бұрғылаумен айналысатын фирмалардың бірінде жұмыс істейтіні, сол күні мемлекеттік белгісі 357 АС 13 «УАЗ 390945360» автокөлігімен облыстың Бадам елді мекені бағытына шығып кетіп, жұмыс орнына жетпегені анықталды. Александр Кривошапкин өзімен бірге қол сөмкесінде «Самсунг» маркалы ұялы телефоны, құжаттары және, шамамен, 800 000 теңгеге жуық жұмысшылардың еңбекақысы болған, – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Із-түссіз жоғалған А. Кривошапкинді іздеу мақсатында департаменттің тәжиірбелі қызметкерлерінен арнайы жедел топ құрылды. Департаменттің барлық жеке құрамына Александр Кривошапкиннің фотосуретімен бағыттама берілді.

Із-түссіз жоғалған Александр Кривошапкиннің белгілері: бойы 180-185 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде көк түсті футболка, көк түсті джинси шалбар, қоңыр түсті жеңіл аяқкиімде болған.

Оңтүстік қазақстан облысының полицейлері қала және облыс тұрғындары мен қонақтарынан із-түссіз жоғалған 1983 жылы туған Кривошапкин Александр Александрович жөнінде қандай-да бір ақпарат білетіндер болса, келесі телефондарға хабарласуын сұраймыз: 8-771-883-30-13 немесе 102.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз