Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте қазына ақшасын жымқырған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы құрықталды

Күдіктінің үстінен Бадам өзенінің сағасын абаттандыру жұмысына бөлінген 170 млн теңгені жымқырды деген қылмысты іс қозғалыпты. Ұрланған қаражат жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, оны сыбайластар өзара бөлісіп алған деген болжам бар.

Ұлттық бюро мамандары осы іске қатысты құрылыс бөлімінің басшысы Бұхарбаевты қамауға алған. Қазіргі уақытта шығын жартылай өтеліп, мемлекет пайдасына 50 млн теңге аударылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз