Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Шымкентте қарызын төлегісі келмеген бозбала өзін-өзі ұрлапты

Аталған жайт Шымкенттегі Қаратау полиция бөлімшесінің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы, яғни «Бас бостандығынан айыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ОҚО ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Қаратау полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірлесе жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының екінші тәулігінде жоғалған азаматты Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты.

Сұрастыру кезінде анықталғандай, 23-жастағы жәбірленуші өзінің ұрлануы жайлы әрекеттерін достарының көмегімен өзі жоспарлаған. Жас жігіт полицияға бұл қадамға қарыздарын қайтармау үшін барғанын айтқан.

Аталған жайт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы, яғни «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстың орын алу себептері мен барысы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз