Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Шымкентте 45 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді

Бірден оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері өртенген әйелдің үстіндегі отты жабылып жүріп, сөндіріп, жедел жәрдемге хабарласқан.
Әйелді қалалық аурухананың біріне шұғыл жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің дене терісінің 30 пайызын күйік шалған.

Ол Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Үстіне жанар-жағармайға ұқсас сұйықтықты құйып, от қойған.

Әзірге, оқыс оқиға себебі айтылмай жатыр. Бейресми дерек бойынша, ол күйеуімен қатты ұрсысып қалған көрінеді.

Бұл оқыс оқиға Шымкент қаласының ішкі істер басқармасына қарасты Абай полиция бөлімшесінің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, яғни „Өз-өзін өлтіруге жеткізу„ бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз