Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Шымкентте 4 жасар қызды зорламақ болған азғын қамауға алынды

Оқиға орын алған жерге Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полицейлері жетіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ізін суытпай 1982 жылы туылған Ордабасы ауданының тұрғыны құрықталды. Мас халдегі күдікті Шымкент қалалық ішкі істер департаментінің әл-Фараби полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Аталған жайт осы полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы, яғни «Жас балаларды азғындау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдында сот-медициналық сарапшының қарауы бойынша 5 жастағы бүлдіршіннен ешқандай дене жарақаттары анықталмаған болатын. Алайда, қосымша тағайындалған коллегиялық сот-медициналық сараптама қорытындысына сай, бүлдіршіннің денесінде зорлық белгілері бар сараптама қорытындысы алынды. Яғни, қыз баланы мәжбүрлеп, денесіне жарақаттар келтірген педофил, әбүйір болғанда өзінің арам ойын жүзеге асырып үлгермеген.

Қазіргі таңда күдікті Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз